Қазақстандағы қазақ-түрік лицейлерінің атауы «Білім» инновация лицейі» деп өзгертіледі. Бұл туралы халықаралық KATEV қоры мәлімдеді.
Бұл туралы Азаттық жазады.
Қор лицейдің атауы “Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырып өзгергенін” хабарлаған.
Ресми Анкара қазақ-түрік лицейлерін АҚШ-та тұратын түркиялық теолог «Фетхуллах Гүленге қарасты білім беру орындары» деп санайды. Түркия президенті Режеп Ердоған биыл 15 шілдеде әскери төңкерісті Гүлен жасамақ болды деп мәлімдеген. Осы оқиғадан кейін Анкара Астанадан «гүленшіл оқу орындарын» жабуды сұраған.
Түркияда шілденің 15-і күні мемлекеттік төңкеріс жасамақшы болғандардың әрекеті сәтсіздікке ұшырады. Елде мыңдаған адам тұтқындалып, ондаған мың адам мемлекеттік қызметтен қуылған еді.