Миллиардтаған салықтан жалтарған қылмыстық топ әшкере болды

116 просмотров

Алматы облыстық мемлекеттік кіріс дераптаментінің экономикалық тергеу қызметі бірнеше эпизодтан тұратын күрделі қылмыстық істі тергеуді аяқтады. Қылмыстық іс жалған кәсіпкерлікпен айналысқан М. деген азамат пен оған қатысты бірнеше азаматтың үстінен қозғалған.

2008 жыл мен 2015 жыл аралығында аталған азамат бірнеше азаматтармен келісе отырып, мемлекеттік органдарда кәсіпкерлікпен айналысу емес, коммерциялық ұйымдарды заңсыз салықтан босатып, содан пайда көруді негізгі мақсаты еткен 70-тен астам коммерциялық ұйым тіркеп, жалған құжаттар жасау арқылы салықтан жалтартып, мемлекетке орасан зор шығын келтірген. 

опер видеосъемка.wmv_snapshot_01.01_[2016.05.13_08.49.30]

Жалған кәсіпкерлікпен айналысатын мекемелеріне ашқан банктік шоттардан қолма-қол ақшаны алғаннан кейін, жіберген сомадан 4 пайыз үлесін алып, қалғанын контрагент-клиенттерге қайтарып беріп отырған.

Аталған факт бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп, нәтижесінде екінші деңгейдегі банктердің біріндегі есепшоттарынан 65,3 млн теңге нақты ақша алып жатқан бір топ азамат ұсталған болатын.

опер видеосъемка.wmv_snapshot_02.16_[2016.05.13_08.50.21]

опер видеосъемка.wmv_snapshot_01.28_[2016.05.13_08.49.59]

Соның арқасында, аталған топ ұйымдастырушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалып, олардың контрагент-клиенттері жалтарған салық сомасын есептеу мақсатында 71 сот-экономикалық сараптамасы тағайындалды.

Сараптамалар нәтижелеріне сәйкес, контрагенттер жалтарған салық сомасы 12 млрд, 500 млн теңгені құрады.

Қылмыстық істің негізгі ұйымдастырушысының 200 млн. теңгеден асатын мүлкіне (Алматы қаласындағы пәтер, бизнес комплекс (КЖО, дүкен, жылу қазандығы) «Мерседес-GL-500» и «Тойота Ленд Крузер Прадо» автокөліктері) тыйым салынды.

Қазіргі таңда азамат М-ға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары аяқталып, қылмыстық іс сотқа жіберілді.

Загрузка...