«Мэттью» дауылынан 280-нен астам адам қаза тапты

87 просмотров

Гаитидегі «Мэттью» дауылынан кем дегенде 283 адам опат болды. Құтқарушылар бірнеше тәулік дегенде табиғат апатынан қатты зардап шеккен қалаларға әзер жетті.

Арал тұрғындарын ауыз сумен қамтамасыз ету жүйесінің қирап қалуы, азық-түлік қорының сарқылуы — апат аймағында тырысқақ кеселінің тарау қаупін өсіре түсті.

Дауыл Гаити және Багам аралдарын зақымдап, АҚШ-тың шығыс жағалауларына қарай жылжып барады. Жағалауға жақын аудандардағы үш миллионға жуық тұрғын көшірілді. Флорида, Джорджия, Оңтүстік және Солтүстік Каролина штаттарында төтенше жағдай жарияланды.

АҚШ Ұлттық дауыл орталығы «Мэттью» дауылын төртінші санатқа жатқызды. Мұндай табиғат апаты кезінде желдің жылдамдығы сағатына 250 шақырымға дейін жетеді.

tornado-smerch-49

Загрузка...