Мешітке барып, құран оқитынын айтқан қызтеке Айнұр Тұрсынбаеваны шошытты (видео)

7 745 просмотров

Хабар” телеарнасының “Біздің үй” бағдарламасының кезекті санына жынысын ауыстырған трансгендер жігіт шақырылып, ол өзінің мешітке барып, құран оқитынын айтты деп хабарлайды nur.kz

“Сен қызсың ба, ұлсың ба деген сұраққа не деп жауап бересіз?”, – деген сұраққа “қыз” деп жауап беретінін жеткізген “жігіт” жуық арада даусына операция жасататын айтты. Себебі, оның даусы ер адам екенін жұртшылыққа білдіріп қояды екен.

Жыныс ауыстырған жігіт жүргізушіге мешітке баратынын айтып, оны таң қалдырып қойды.

Бағдарлама жүргізушісі Айнұр Тұрсынбаева оның мешітке баратынына сенбей қойды.

“Мешіттегілер сенің мынадай екеніңді білсе, маңайына да жолатпас еді, өтірік”, – деді Айнұр Тұрсынбаева.

Трасгендердің айтуынша, мешітте оның жынысын ауыстырғанын білетіндер де бар екен, бірақ ол қай мешітке баратынын жасырып, айтпай қойды.

 

Видео Фейсбуктегі Кетші бар тобында жарияланды

 

 

Загрузка...