Мешітте тоқалдардың некесі қиылмайтын болды

1 780 просмотров

Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана мешiтте неке қиюға болады.

Бұл туралы ҚР Дiн iстерi және азаматтық қоғам министрлiгi Дiн iстерi комитетi төрағасының орынбасары Ғабит Абзалбек «Әйелдер ұйымдарының жастар арасында дiни экстремизмнiң алдын алудағы рөлi» тақырыбындағы республикалық ғылыми-тәжiрибелiк конферециясы барысында мәлiмдедi, деп хабарлайды BNews.kz.

«Ендi ресми түрде некелескеннен кейiн ғана некенi мешiтте қиюға болады. Мешiтте некесiн қиғысы келетiн жастар неке туралы куәлiктi көрсетуi тиiс. ҚР Дiн iстерi комитетi Қазақстан мұсылмандары дiни басқармасына мешіттерде некенi Әдiлет органдары берген куәлiк көрсетілгеннен кейiн ғана қиюды тапсырды. Яғни, мешiттердiң неке туралы куәлiктердi жайдан-жай беру фактiлерi жоқ. Мүмкiн, бұрын болған шығар, қазiр ол жоқ», — дейдi Ғабит Абзалбек.

Еске сала кетелік, Қазақстанда Заң бойынша екі әйел алуға рұқсат берілмеген.

 

Загрузка...