Мемлекеттік қызметшілерге еңбекақы белгілеудің жаңа моделі енгізілуде

53 просмотров

Елімізде мемлекеттік қызметшілердің жалақысын төлеудің жаңа моделі енгізіліп жатыр.

Бұл туралы Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай мемлекеттік қызметтің қалыптасуы, даму кезеңдері тақырыбында өткен форумда айтылды.  Егемендік алғаннан бері елімізде білікті кадр даярлау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді. Бір ғана мемлекеттік басқару академиясында соңғы 20 жылда 2 мыңнан астам мемлекеттік қызметші тәлім алған.  1994 жылы құрылған Ұлттық жоғары мемлекеттік басқару мектебінде 81 кадр оқыса, кейін мемлекеттік қызмет академиясын 166 мемлекеттік қызметші аяқтаған. Мұнан соң атауы тағы өзгерген оқу орнын 1 937 түлек тәмамдаған.

Әлихан Бәйменов, Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабтың басқарушы комитеті төрағасы:

-Қазақстан мемлекеттік қызмет саласындағы аймақтық көшбасшы болып табылады. Шешуші фактор – Елбасының саяси жігері. Біз қазір Қазақстанда мемлекеттік қызмет реформасының үшінші кезеңін жүзеге асырудамыз. Бұл – әлемдегі мемқызмет саласындағы жаһандық трендтер.

photo_7100

Загрузка...