„Мемлекеттік төңкеріс жасамақ болды„ деп айыпталған Төлешевтің ТМД елдеріндегі меншігі жария етілді

71 просмотров

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің өкілі Руслан Қарасев Шымкент сыра зауытының бұрынғы иесі Тоқтар Төлешевтің тағы қандай активтері бар екенін жария етті.

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Тоқтар Төлешев халықаралық деңгейде танымал Аслан Усоянмен, «Ташкенттің Жорасы» деген лақап аты бар Георгий Сорокинмен, «Мерный Гафур» атты лақап аты бар Гафур Арсланбек Рахимовпен, «Бухар Максим» атты лақап аты бар Нозин Жұмаевпен, «Ильяс көке» атты лақап атымен танымал Ильяс Сұлтановпен тығыз байланыста болған.

Осылардың арасында Гафур Рахимов пен Нозин Жұмаев Тоқтар Төлешевке Өзбекстандағы бірнеше кәсіпорынды бағындырып берген екен.

— Рахимов пен Жұмаевтың тікелей көмегінің арқасында Тоқтар Төлешев Өзбекстанда бірнеше коммерциялық нысандарды өзіне қаратып алған. Атап айтсақ, Тоқтар Төлешев «Шабыт» қонақүйін, лак бояуларын шығаратын зауыт пен «Ләззат» атты кондитерлік фабрикаға иелік еткен. Сондай-ақ, Өзбекпромқұрылыс банкінің ірі акционері атанған,- дейді Руслан Қарасев.

Қазақстан бойынша Тоқтар Төлешев «Шымкентсыра» ЖШС зауытының жай ғана директоры емес, басқа бірнеше ірі нысандардың да иесі болған.

Руслан Қарасевтің айтуынша, Тоқтар Төлешев шыны зауыты, Оңтүстік Қазақстан аграрлық одағы мен «Шымкент пикчерс» киностудиясы және өзге бірнеше кәсіпорын кіретін «Дархан» атты ірі холдингтің иесі және жетекшісі болған. Бұл холдингтің Ресейде, Қырғызстан мен Тәжікстанда филиалдары бар болып шықты.

Загрузка...