Мемлекеттік білім беру несиесін алған 37 мың адам мемлекетке 7,6 млрд теңге қарызын қайтармай жүр.
Білім беру саласында несиелік жүйе 1999-2005 жылдары жұмыс істеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Қаржы орталығы 1999-2005 жылдары аралығында мемлекеттік білім беру және мемлекеттік студенттік несие беру бағдарламасы жұмыс істеген кезеңде республикалық бюджеттен бөлінген қаржы 15,3 млрд теңгені құраған. Аталған сомадағы несиені 58 мыңнан астам студент тұтынған.
– Бүгінгі күні оның 7,7 млрд теңгесі бюджетке қайтарылды. Бұл берілген несие жалпы соманың 51 пайызын құрайды. Кредиттерді қайтару жөніндегі міндеттемелерін өз еркімен орындамай жүрген борышкерлерге қатысты Қаржы орталығының талап-арыздары бойынша ҚР соттары борышкерлерден мемлекеттік білім беру кредитін өндіріп алу туралы 8700-ден астам шешім шығарылды. 1500-ден астам талап сот органдарында қаралуда», – делінген құзырлы мекеме жауабында.