Қазақстанның мемлекеттік қарызы 26,6 млрд долларды құрайды. Бүгін Парламент Мәжілісінде 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін таныстырған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті деп хабарлайды inform.kz.
«2016 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 9 трлн 22 млрд теңгені құрап отыр. Бұл АҚШ долларына шаққанда 26,6 млрд долларды құрап, жалпы ішкі өнімнің 21,6 пайызына тең келеді. Дүниежүзілік экономикалық форумның Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі жөніндегі 2015-2016 жылғы есебіне сәйкес, Қазақстан «Мемлекеттік қарыз» индексі бойынша 140 мемлекеттің арасында 12-ші орынға ие болып отыр», – деді Б. Сұлтанов.
«Борыштарды қайтарудың кірістерге арақатынасы 10 пайыздан төмен, бұл ретте шекті деңгей 15 пайыз болып табылады», – деді министр.