Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
24
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мемлекет басшысы ел басқаруда үлгі тұтқан бес тарихи тұлғаны атады

133

Мемлекет басшысы өткен ғасырдың бірінші жартыжылдығындағы тұлғаларды атағанда, бүгінгі Түркияның атасы – Мұстафа Ататүрікті алға тартты.

– Түркия мемлекет пен ұлт ретінде ары қарай өмірін жалғастыра ала ма деген сұрақ туып, Түркия ыдыраудың алдында тұрған кезде Осман империясының ұлтарақтай жерінде қалған ол қарусыз-ақ халқын біріктіріп, Түркияны қорғап, оны қазіргідей зайырлы мемлекетке айналдырды. Оның идеялары әлі күнге дейін тірі және бұл адамды қастерлеп отырған түркі бауырларымыз дұрыс істеп отыр, – дейді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті үлгі тұтған тағы бір тарихи тұлға – АҚШ-тың 32-інші Президенті Франлклин Рузвельт екен.

«Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңде өмір сүрген тағы бір тарихи тұлға – Франклин Рузвельт. Ол – таңдана қарайтын адам. Америкалықтар төрт мәрте президент етіп сайлаған жалғыз адам. Ұлы дағдарыс кезіндегі қаймықпастан қарапайым жұмысшылардың жағына шығып, байларды салық төлеуге міндеттеген, жұмыс орындарын ашуға міндеттеген, Американың инфрақұрылымын дамытқан адам. Осылайша, өз мемлекетін құтқарған адам. Оны да біресе коммунист, біресе социалист деп айыптаған. Бірақ, мемлекетін жоқтықтан алып шықты. Оның үстіне ол арбаға таңылған адам болды. Менің ойымша, бұл адамың рухы ең биік»,-дейді Нұрсұлтан Назарбаев.

Н.Назарбаев үшін Сингапурдың «таңғажайып экономикасының» негізігін қалаушылардың бірі – Ли Ю-дың да өмірі қызық болыпты.

– Бертін уақытты алсақ, 80-інші жылдардағы Сингапурдың, Ли Куан Ю-дың тәжірибесі қызық болды. Мен онымен жеке таныспын, дос болдық, талай рет кездестік. Осы тақырыпты айтып, сағаттап әңгіме айтатын едік. Әрине, ол ерекше адам, оның жасағаны бәріне бірдей ұнай бермейтін. Оны да автократ, диктатор деп атады. Бірақ, ол Сингапурды үшінші әлемнен бірінші әлемге бастаған адам болды. Бұл әрине, қала мемлекет, Қазақстанмен салыстыруға келмейді,-дейді Мемлекет басшысы.

Маргарет Тэтчердің де биографиясын жақсы көретін Мемлекет басшысы Ұлыбританияның 71-інші Премьер-министрі жайлы бір тарихи дерекке тоқталды.

– 70-80 жылдары Англияның құлаған экономикасын аяққа тұрғызған Маргарет Тэтчер болды. Және бұл әйел оны өжеттікпен жүзеге асырды. Бір эпизодты айтайын. Елдің экономикасы банкротқа ұшыраған кез. Бірақ, халық жұмыссыз қалмасын деп, кәсіпорындарды банкрот деп жариялауға тыйым салған кез. Бірақ, ол Анлгияның терең шахталарын жауып, көмірді Австралиядан тасымалдай бастады. Қаншама айқай-шу болды, жұмысшылар ереуілге шықты. Бірақ, ол осылай Англияныңи экономикасын гүлдендірді.

Міне, осы тұлғалар мен үшін үлгі болды. Мен олардың жұмысын бастан-аяқ зерттедім,-деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз