Елбасы: ЕАЭО-ның нарығы Шығыс пен Батысты байланыстырушы буынға айналуға тиіс

22 просмотров

Еуразиялық экономикалық одақтың біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыстырушы буынға айналуға міндетті. Бұл туралы бүгін Ақордада өтіп жатқан Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кеңейтілген құрамдағы отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, — деп хабарлайды inform.kz.

— ЕАЭО-ның біріктірілген нарығы Шығыс пен Батыс арасындағы байланыструшы буынға айналуға міндетті. Біздің одақ аясындағы тауарлар мен қызметтерді еркін ілгерілету —

Қытай басшысы ұсынған «Жібек жолы» экономикалық белдеуі бастамасына сәйкес келеді.

Бұл жоба біздің елдеріміз үшін экономикалық пайда мен өзара мүдделестікті паш ететін ынтымақтастық салаларын өзіне қамтуды көздеп отыр, — деді Елбасы.

ҚР Президенті Қазақстанда «Нұрлы жол» бағдарламасы қолға алынғаны, оның аясында инфрақұрылымдық нысандарды салу және жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап өтті.

— Олар — «Батыс Еуропа — Батыс Қытай» дәлізі, «Қазақстан-Түркіменстан-Иран-Парсы шығанағы» темір жолы сынды жобалар. Қытайда, Тынық мұхитында қазақстандық логистикалық терминал Лянюньганда жұмыс істеп тұр. Каспий жағалауында жаңа теңіз портының құрылысы жүргізілуде. Осылайша, Қазақстан ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру арқылы осынау көлік тармақтары арқылы өңіраралық ынтымақтастық үшін мығым тұғырнама қалыптастыруда,- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Загрузка...