Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Меккедегі қажылық кезінде лаңкестікке қатысы бар деген күдікпен 54 адам ұсталды

3 қыркүйекте 13 күдікті, соның ішінде Бахрейннің 9 азаматы, 3 пәкістандық, екі саударабиялық, бір йемендік және бір судандық қолға түсті.  5 қыркүйекте  тағы бес күдікті ұсталды.

Осы маусымда қажылықты ұйымдастыру үздік қауіпсіздік шараларымен ерекшеленді.  Меккенің барлық секторына орнатылған 5000 камера қолданылған «Көз» бейнебақылау жүйесі Үлкен мешіт жанындағы радиусы шамамен 10 шақырымды құрайтын аумақты қамтыды.  

Сауд Арабия қауіпсіздік офицерлері қажылыққа барғандардың әр бағыты мен жиналған орындарын бақылағанын айтты.  Сауд Арабия Корольдігі ӘҚ капитаны Тарек Аль-Азам 1,8 миллионнан астам қажылыққа келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ондаған үздік офицер тәулік бойы кезекшілікте болғанын айтты. 

20160919110106

Дереккөз: Қазақпарат

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз