Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
13
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мейрамбек Беспаевтың өзге елде демалғаны жұртқа жақпай қалды (фото)

Қит еткенді сөз қылатын кейбір ақпарат құралдары арасынан бір топта өнер көрсететін үш әншінің үш жақта демалып жатқанының астарынан араздық іздегендері де табылды.

Өнер жұлдыздарының өздері қалаған өңірде демалып жүргендері әлеуметтік желі қолданушыларының да ашуына тиген сыңайлы. Ондағысы Мейрамбек Бесбаев пен Кенжебек Жанәбілевтің отандық демалыс орындарын жарнамалаудың орнына, басқа елде жүргендігі.

Ұлы дала баласы деген фейзбук қолданушысы Мейрамбек Бесбаевқа Қазақстанға қайта оралмай-ақ қойыңыз деп ренжіпті.

«Бізде туризм саласы ешуақытта дамымайды. Өзге елден бізге ешкім келмейді, өз ішіміздегілер сыртқа кетіп жатыр. Қазақстанда ешкім қалмайды төңкеріс бола қалған жағдайда бірақ одан Құдай сақтасын дейік. Шенеуніктер бірінші қашады, содан соң артынан еліміздегі танымал жұлдыздар кетеді. Олар біле білсеңіздер өзге елден үй, саяжай, жер, машинаны бәрін сатып алып тастаған әлдеқашан. Халықтың қалтасында мың тенгесі бар, Шенді мен жұлдызды адамдар олар миллиард немесе миллион ақшамен ойнап жүр ақшаларын қайда жұмсарын білмей. Бірде бір шенеуніктің ұл- қызы Қазақстанда тұрмайды, тұрса уақытша ғана тұрады. Шетелден білім алып ол жақтан кайтпағаны қаншама АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Қытай секілді елдерден. Елге үлгі болып отандық туризмды қолдайық деп отырған ешкім жоқ. Мейрамбек Италия да, Баян Францияда қаңғырып жүр» – деп ашуланады желі қолданушысы.

Ал Мейрамбек Бесбаев болса,

Теңізде үлкен-кіші кеме жүзген,

Көңілім соны көріп елегізген.

Құстарын туған жердің сағынамыз,

Қалықтап шағала ұшса төбемізден – деген өлең жолдарын арнап, тыңдаушыларына Қазақстанда жолыққанша аман-сау болыңыздар деген тілегін арнапты.

https://www.instagram.com/p/BJfpQBBjoh1/?taken-by=m_besbaev

«Алматыдан-Анталияға айғама, Ауа жұтып қайтайық жай ғана» – деп бір апта бұрын Анталияға демалысқа аттанған Кенжебек те Мейрамбектің аяғын құшты. Отандық туризмді дамытуға танымал адамдар үлес қоспаса, қалтасы таяз қарапайым халықтың бұл салаға сіңірер еңбегі аз деген әншінің тыңдаушылары да Кенжебекке өкпелі.

https://www.instagram.com/p/BJiY-HVj_Z5/?taken-by=m_besbaev

Дегенмен демалысын сыныптастарымен бірге өткізген Сәкен Майғазиев Мұзарттың басы бірікенін, шет елде демалған әріптестерінің елге келгенін көрсетіп, «Түркия мен Италиядан келген таныстарым ғой» деп қалжыңдап, үшеуі бірге түскен суретін жариялады.

Қазақ эстрадасының көшбасшысы атанып жүрген жігіттеріміз қайда демалса да, қай елде жүрсе де әрқашан Қазақстанды, қазақ ұлтын, өздерінің сүйікті тыңдаушыларын ұмытпайтындары анық.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз