Үмбетовке екі бөлмелі пәтер кілті тарту етілді

29 просмотров

Қарағанды облысының әкімдігі «Халық қаһарманы» жоғары атағына ие болған, полковник Қайрат Үмбетовке екі бөлмелі пәтер сыйлады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

20160507154624

«Қарағандыда Отан қорғаушылар күні және Ұлы Жеңіс күні мерекесі қарсаңында маңызды оқиға өтіп жатыр. Полковник Үмбетов ерлік пен қаһармандық танытты, сол үшін «Отан» ордені табысталып, «Халық қаһарманы» атағына лайықты деп танылды. Бұл — Отанымыздың ең жоғары наградасы, ол нағыз қаһармандарға беріледі. Оның үстіне, бұл қаһармандық бейбіт өмірде танылды. Бұл ерлік біздің жауынгерлеріміздің өз өмірлерін аямастан Отанды қорғауға дайын екенін танытып отыр», — деді Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков қаһарманға К.Станиславский атындағы облыстық орыс драма театрының сахнасында құрмет көрсету рәсімінде.

Аймақ басшысы барлық қарағандылықтардың атынан Қ.Үмбетовті жоғары наградамен құттықтады.

«Барлық қарағандылықтардың атынан Үмбетовтердің отбасына жақсылық жасағымыз келді. Аймақтық командованиенің басшылығымен де кеңестік. Біз бұл отбасыға пәтер сыйлаймыз. Бұл Қарағанды тұрғындарының атынан жақсы сыйлық болады деп ойлаймыз», — деді облыс әкімі.

Өңір басшысы жауынгерлерді даңқты офицерден үлгі алуға шақырды.

Әскери оқу-жаттығулардың бірінде гранатаның жақын маңда жарылатынын сезген полковник Қайрат Үмбетов жауынгерді кеудесімен қалқалап, сарбаздың өмірін ажалдан арашалап, ерлік танытқанын еске сала кетелік.

 

Загрузка...