Матаевтың қорғаушылары тергеушілердің үстінен шағым түсірді

36 просмотров

Сейітқазы Матаевтың адвокаттары тергеудің істі қайта қараудан және қосымша сот-экономикалық сараптама тағайындаудан бас тартқанын хабарлады. Шағымда адвокаттар іс материалдарына бухгалтерия және салық құжаттамаларын қосуды өтінген. Қорғаушылардың пікірінше, қосымша құжаттар Сейітқазы және Әсет Матаевтардың кінәлі еместігін дәлелдеу үшін қажет.

Андрей Петровтың айтуынша, тергеушілер «жетіспей тұрған құжаттарды қалпына келтірген» деген уәжбен бұл құжаттарды қоспай отыр. Петровтың пікірінше, бес жылдың қаржы және есеп құжаттарын үш айда қайта қалпына келтіру мүмкін емес, екі жылдың құжаттарын қайтадан жасатуға кем дегенде сегіз ай уақыт қажет.

Сейітқазы Матаев шамамен үш ай бойы үй қамауында отыр. Биыл көктемде оның ұлы, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің басшысы Әсет үй қамауына алынды. Әуелі оларға аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқыруға, аса ірі көлемде салық төлеуден жалтаруға қатысы бар деген күдік келтірілген еді. Матаевтар бұлардың барлығын жоққа шығарып келеді.

Мамыр айында Матаевты қорғау комитеті Журналистер одағы төрағасының ісінде айып одан да ауыр – қызмет бабын асыра пайдалану, қиянат етуге қатысты бапқа алмастырылғанын хабарлаған.

Загрузка...