Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Магистратура мен докторантураға түсу ережелері өзгерді

188

2016-2017 оқу жылдарына магистратураға 7420 орын бөлінген. Былтырға қарағанда, 188 орынға көп. Ал докторантураға тек ақылы түрде қабылданады.

Білім және ғылым министрлігі өкілдерінің айтуынша, бұл орындар Үдемелі индустриялық даму бағдарламасына керек мамандықтарды қамтуға арналып отыр. Ал биыл докторантураға 628 орын бөлінген.

Наужан Дидарбекова, Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті бас сарапшысының міндетін атқарушы:

– Докторантурада оқу ақылы негізде жүзеге асырылатын болды. Оған кемінде үш жыл еңбек өтілі бар, магистр дәрежесі және медицина мамандықтары бойынша резидентурада оқуын бітірген адамдар қабылданатын болады. Құжаттарды тапсыру 10 шілдеден 30 шілдеге дейін жүзеге асады. Қабылау емтихандары 10 тамыз бен 20 тамыз аралығында өтеді. Жалпы, магистранттар мен докторанттарды жоғары оқу орнына қабылдау 25 тамызға дейін жүзеге асады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз