Маңғыстаулық имам: «91 тобының жігіттерін еркек деп есептемеймін»

108 просмотров

Маңғыстау облысының өкіл имамы Смаил Сейітбеков мырза 91 тобы жайында былай деп пікір білдірді.

Бұл туралы nur.kz Amanzhan Akhmetulyna  есімді қолданушының Facebook парақшасына сілтеме беріп хабарлайды.

 «Уа алейкум салам уа рохматуллаһ бауырлар! Мынау енді бір сұрақ жіберіпті біздің бауырымыз. 91 тобына қарсылық. Енді біз жастардың арасындағы болып жатырған мəселеге əлеуметтік желі арқылы, яки болмаса видеоүндеу арқылы бізде солай қарсылығымызды білдіруге болады», — деген имам көшеге шығып, шеру жасаудың қажеті жоқтығын айтты.

«Бірақ енді көшеге шығып шеру жасау ол қажет емес. Мен бұларды еркек ретінде есептеп отырған жоқпын. Бұлар енді Лут (ғалейһиссəлəм) пайғамбардың заманындағы азғындаған еркектердің бір түрі ғой, қазіргі заманымыздағы(Лут қауымы-Гей қауымы). Сондықтан құдай мұндай жігіттерден сақтасын. Алла Тағала жүректеріне иман берсін деп тілейік бұл 91 тобының азғындаған жігіттеріне», — деді Маңғыстау облысының өкіл имамы.

3836

 

Загрузка...