Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Маңғыстауда оқушыны кітаппен ұрған мұғалімді қызметінен босатты

Бағдәулет Мәкенов мектеп партасында соңғы рет өткен жылы қыркүйек айының 19-ы күні отырған. Содан бері ол үйден оқытылады. Оқушының айтуынша, тарих пәнінің мұғалімі сабақ үстінде қолындағы кітаппен оның басынан екі-үш рет ұрып жіберген. Бала ауыр соққыдан әлсіреп құлап, содан шошынып қалды дейді ата-анасы.

“Шуладыңдар деп қолында кітаппен мына жеріммен ұрды… Мен шулаған жоқпын”, – дейді зардап шеккен оқушы Бағдәулет Мәкенов.

Мұғалімнің бұл әрекеті Жанымай Әженованың жанына қатты батыпты. Баласы мектеп мақтанышы болған. Спорттағы жетістіктері көп екен. Ұстазынан таяқ жегеннен кейін бірден мүгедектікке тіркеуге алынды дейді.

“Оның өзге мектепте сабақ беруі қаншалықты заңды? Менің балам ауру болып отыр енді. Бұған дейін еш жерде тіркеуде де болған емес”, – дейді оқушының анасы Жанымай Әженова.

Айыпталушы мұғалім Ербол Жүсіпов 23 жаста. Сот маманды «кінәлі» деп үкім шығарды. 50 мың теңге көлемінде айыппұл салған. Ал жәбірленуші тарапқа 200 мың теңге моральдық шығын өтеуді міндеттеген. Бірақ ұстаз бұл шешіммен келіспей, таяуда облыстық сотқа қарсы аппеляциялық шағым түсірген.

“Медициналық сараптама қорытындысын үш рет жасады, соның өзі айтып тұр ғой енді менің кінәмнің жоқ екенін. Мен оған тіпті қолымды да тигізген жоқпын. Нұқыдым. Кішкентай балалар айта береді ғой. Мен басқа жерде жұмыс істей алмаймын. Мына әңгіме маған алдымнан шығады. Қазір жұмыссызбын”, – дейді айыпталушы мұғалім Ербол Жүсіпов.

Мұғалімге қатысты үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Мұнайлы аудандық соты соңғы нүктені келесі айда қоймақ. Айта кетейік, осы оқиғадан кейін Ербол Жүсіповпен қатар Маңғыстау-4 елді мекеніндегі № 11-орта мектеп директоры мен орынбасары қызметінен босатылған.

bet-detey-800x535

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз