ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Маңғыстау облысы бойынша департаменті өңірдегі Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды екі қызметкерін ұстады.
Бұл туралы 24.kz хабарлады.
Ақтаудың Көліктік бақылау инспекциясының лауазымды екі қызметкері алдын ала сөз байласып, 300 мың теңге және Жаңаөзен-Ақтау тас жолы арқылы қара металл тасымалдаған жеке тұлғадан құнды зат түрінде пара алып келген.