Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
-10
USD
450
+0.72
EUR
490
+1.14
RUB
4.89
+0.01

Маңғыстау облысында ер адамға қасқыр шапты

388

Жыртқыш аң мұнай өндіретін аумаққа еніп, 1972 жылғы ер кісіге шабуылдаған. Ол осы арада жұмыс істейтін дәнекерлеуші азамат екен. Қасқыр оның аяғына жармасқан. Куәгерлердің айтуынша, Үстірттің қойшылары қасқырды атып өлтірген.

Жәбірленушіні Бейнеу аудандық орталық ауруханаға жеткізген. Дәрігерлер ер кісінің аса ауыр жарақат алмағанын хабарлады. «Оны қалың киімі аман алып қалды, ешқандай дене мүшесіне тіс өтпеген, тек аяғы көгерген. Зардап шегушіге құтырмаға қарсы вакцина салынды. Осыдан кейін ер кісі қайта жұмысқа шықты. Шетпедегі ветеринарлық зертхана өлі қасқырда құтыру белгілері бар-жоқтығын анықтау үшін зертханалық сынама жүргізеді», – деп хабарлады Бейнеу аудандық орталық ауруханасы.

Куәгерлер өндіріс базасында кейде қарсақтардың жүретінін, бірақ қасқырдың көп жылдан бері бірінші рет келгенін тілге тиек етті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз