Мақпал Исабекова Әли Оқаповты «шалға» теңеді

72 просмотров

Ғаламторда әншіні әріптестерімен бірге, оның тыңдармандарыда құттықтады. Алайда, бәрінен дараланғысы келген танымал әнші Мақпал Исабекованың құттықтауы, Әли жанкүйерлерінің шамына тиді.

Бұл туралы Nur.kz хабарлайды.

 «Туған күніңмен, шал! Аман бол, бақытты бол! Алға ұмтыла бер. Жолың ашық болсын. Шабытың таусылмасын», — деген Мақпал Исабековаға тыңдармандары дүрсе қоя берді.

«Оқымаған адамның сөзін айтпаңыз, кәрілік үш түрге бөлінеді, ақсақал, қария, шал. Ақсақал елдің жағдайына араласып, елдің алдында қартаю. Қария, өздігімен жақсы қартаю. Ал шал дегеніміз-қаттылықпен, қытымырлықпен нашар болып қартаю», «Жас жігітті «шал» дегені дұрыс емес. Халықтың адамы болған соң көпшілікке олай жазғаны жөн болмады», «Макося, өзінің шашы ағарған кемпірге ұқсайтынын байқамай ма?», — деген пікірлер қалдырған.

Загрузка...