Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
20
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Мәжіліс жерді сату мен жалға беруді тоқтататын заң жобасын қарастырып жатыр

Аталған заң жобасын қарастыруға, негізінен, Елбасының жер туралы заңның кейбір баптарына мароторий енгізу туралы 6-мамырдағы жарлығы түрткі болып отыр.

– Шетелдіктерге қатысты нормалар, азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар шетелдіктерде жарғылық капиталы бар заңды тұлғаларға, олардың 50 пайызы шетелдік заңды тұлғаларға жерді беруге байланысты нормалар өз жұмысын тоқтатады. Ауылшаруашылығына арналған жерді уақытша пайдалану, сонымен қатар, ауылшаруашылығына арналған мемлекеттік меншіктегі жерлерді жеке меншікке беру нормалары да тоқтатылады. Біздің комитет бұл заң жобасына белгіленген уақытқа дейін қорытынды жасап, заң жобасын қолға алуға дайын, – деді аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің төрағасы Сапархан Омаров.

Бұған дейін Қазақстанда жер реформасына енгізілген түзетулер туралы айтылған болатын. Осы мәселемен айналысатын арнайы жер комиссиясы құрылған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз