Мұқтар Құл-Мұхаммед «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасарлығына тағайындалды

52 просмотров

«Нұр Отан» партиясының Саяси кеңес бюросы отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев партия төрағасының жаңа бірінші орынбасары ретінде Мұхтар Құл-Мұхаммедті таныстырды. Бұл турасында Ақорданың Твиттердегі ресми парақшасында хабарланды.

20160506190233Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммед 1960 жылы туған. Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген, заң ғылымдарының докторы, профессор.

1982 — 1992 жылдары Қазақ Кеңес энциклопедиясының ғылыми редакторы, аға ғылыми редакторы, философия, құқық және социология редакциясының меңгерушісі, жауапты хатшы болып еңбек етті.

1992 — 1999 жылдары — «Атамұра» баспа корпорациясының президенті.

1999 — 2001 жылдары — Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитетінің хатшысы, Сенаттың әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі комитетінің төрағасы.

2001 — 2003 жылдары — Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі.

2003 — 2007 жылдары —  Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы, Президент Әкімшілігі Басшысының орынбасары — Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2007 — 2008 жылдары — Қызылорда облысының әкімі.

2008 — 2010 жылдары — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

2010 — 2011 жылдары — Қазақстан Республикасының Мәдениет министрі.

2012 — 2013 жылдары — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2013 — 2014 жылдары — Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі.

2014 — 2015 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2015 жылдың наурызынан мамырына дейін — Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау үшін құрылған республикалық қоғамдық штабтың басшысы.

2015 жылғы 5 мамырдан бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып қызмет етті.

Загрузка...