Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мұстафа Өзтүрік: “Тіл жоғалса, ел жоғалады” (видео)

122

Шетелде жүрген қазақтар санымыз аз. Жоғалып кетуіміз мүмкін. Сондықтан біздің ақсақалдарымыз қазақтың әдет-ғұрпын, тілін, дінін ұмытпасын деп үйде қазақша сөйлеген. Бұл бізге де әсер етті.

Қазақтың ғаламат тарихы болған. Сол тарихымызды ұмытпау үшін ақсақалдар бізге шыққан тегімізді, руымызды құлағымызға құйып, әрдайым айтқызып отырды.

Мысалы, Орта жүздің ішінде найман, найманның ішінде байжігіт, оның ішінде мәмбет дейді. Әкелеріміз бізге осыны үйретті. Бірақ біз бәріміз қазақпыз.

Қазақстанға келгенде кейбір кемшіліктерді көріп қалдым. Ренжімесеңіздер, айтайын. Елге келген уақыттың ішінде көптеген жерді араладым, бауырларымызбен кездестім.

Сөйтсем көптеген бауырларым тіл білмейді екен. Біз тіл білмейміз деп жүрсек, Қазақстанға келіп тіл үйренеміз деп жүрсек осы жердегі қазақтардың өздері тілден айырылып қалыпты. Ендеше біз кімнен үйренеміз? Тіл өте күшті нәрсе. Тіл жоғалса, ел жоғалады.

Дін де сондай. Дінімізді жоғалтып, Құдайымызды танымасақ, мұсылмандықтың шарттарын ұмытсақ біз онда әкемізді де, шешемізді де сыйламаймыз.

Дәстүр ұмытылса, осы дәстүрді бізге жеткізген бабалар да ұмытылады. Тіл, дін және дәстүріміз бір болуы керек. Бізден кейін де ұрпақ қалады. Оларда кінә жоқ. 

P.S. Бүгінде Өзтүрік бастаған жолда 11 мың спортшы бар. Тек барды кезінде қадірлемедік. 1995 жылы Мұстафа жұмбақ жағдайда бақилық болды. Бейресми ақпарға қарағанда, спортшыға у берілген. Бұған қатты ренжіген анасы ұлының сүйегін Қазақстанға жерлетпей, кері Түркияға әкеткен еді.  

https://www.youtube.com/watch?v=-IGJNTlIDKo

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз