Мәскеуде өртенген баспа басшысы қаза тапқандардың заңсыз жұмыс істегенін мойындайды деп хабарлады оның адвоаты Елена Звездина. Өрттен 17 адам көз жұмды. Олардың 14-і Қырғызстан азаматы.
“Қайтыс болған қыздар бір реттік жұмыстарға тартылған. Менің қорғалушым жұмысшыларды патентсіз алғанын мойындайды. Ол айыппұл төлеп, қайтыс болғандардың туыстарына өтемақы төлеуге дайын. Ол бастапқыда тергеуден қашты. Себебі әріптестері арқылы өтемақы мәселесін шешуге тырысты. Үш адам ақша алды”, -деді адвокат.
Ол сонымен бірге баспа директоры Сергей Москвин айыбын толығымен мойындағанын, қайғылы оқиға орын алғанын, оған қорғалушысының айыпты емес екенін атап өтті.
Мұнан бөлек ол баспа қауіпсіздігіне бас инженер жауапты екенін айтады. Қайғылы оқиғадан кейін бас инженерге федералды іздеу жарияланды. Таяу арада Мәскеудің Останкин соты кәсіпкердің бұлтарпау шаралары мәселесі бойынша шешім шығарады.