Мәскеуде Борис Немцовтың өліміне қатысты іс бойынша сот басталады

46 просмотров

Мәскеу округтық әскери сотында дүйсенбі күні оппозициялық саясаткер Борис Немцовтың өліміне қатысты іс бойынша сот тыңдаулары басталады. Істі алқа билер соты қарайды.

Айыпталушылар істің алқа билер соты қарауын сұраған. Бұл істе бес күдікті бар. Олардың барлығы саясаткердің өліміне қатысы жоқтарын мәлімдеген.

Заур Дадаев, ағайынды Анзор және Шадид Губашевтер, Хамзат Бахаев және Темірлан Эскерхановтарға жалданып кісі өлтірді, қару-жарақты заңсыз алып, қолданды деген айыптар тағылған.

Бұл айыптауларға жәбірленуші тараптың көңілдері толмай отыр. Олар Немцовтың өлімін тергеуде саясаткердің саяси және қоғамдық белсенділігі ескерілмегеніне наразы.

Сотталушылар арасында тапсырыс беруші мен қылмысты ұйымдастырушы жоқ. Борис Немцовтың қызы Жанна Немцованың адвокаттары тергеу сәтсіз жүргізілгені үшін сын айтып, тергеу бригадасының жұмысына күмәнмен қарайды.

cec7b0f6-34d1-4fc2-8c69-02c12022c03c_w987_r1_s

Загрузка...