Мәскеуде қазақ күресінен турнир өтті

43 просмотров

 

Мәскеуде қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды. Оған Ресейдің түкпір-түкпірінен балуандар жиналды деп хабарлайды 24kz.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жарыста Мәскеу, Санкт-Петербор, Түмен мен Орынбордан, сонымен бірге Ресейдегі қазақ диаспорасының өкілдері мен қазақстандық студенттер күш сынасқан. Жеңімпаздарды Қазақстанның Қазақ күресі федерациясы анықтады.

Білектілер сайысына Астрахань, Қазан, Омбы мен Санкт-Петербордағы консулдық мекемелердің қолдауымен қазақ елінің Ресейдегі елшілігі мен Ресей аймақтарындағы қазақтардың ұлттық-мәдени бірлестіктері, сондай-ақ Мәскеу Қазақ күресінің федерациясы мұрындық болған.
Жеңімпаздарға кубоктар, медальдар мен бағалы сыйлықтар, ал «түйе балуанға» жеке марапат тапсырылды.

Біржан Мұқаев, МИИТ студенті:
— Былтыр да қатысқам, жыл сайын болып тұрады. Бүгін енді Тәуелсіздіктің 25 жылдығына қатысты үлкен мереке болып жатыр.Әрине, бұл – қазақ дүниесінде ежелден ата-бабамыздан келе жатқан дәстүрлі ұлттық күресіміз.

Махмет Қасиет, балуан: — Қазақ күресімен айналысып жүргеніме 9 жыл болды. Көптеген жарысқа қатысамын. Қазақ баласы болғаннан кейін осындай жарыстар көбірек ұйымдастырылса деген ойдамын.

Загрузка...