Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
2
USD
446
-0.83
EUR
475
-0.80
RUB
4.78
-0.01

Мәсімов: “Сібір жарасы” өршитін болса, бұған жауапты адамдар сазайын тартады

Орын алған жағдай туралы Бас санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин, АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева, Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков баяндап берді.

«Жағдай көңіл көншітпейді. Жергілікті билік жұмысының кемшілігі», – деді Мәсімов.

Ол Қарағанды облысы әкімінің жеке жауапкершілігі қаралатынын атап өтті.

Жиын соңында Мәсімов бірқатар тапсырма берді. Ауыл шаруашылығы министрлігіне ветеринарлық қызметтердің жұмысының тиімділігін талдап шығу, өкілетті тұлғалардың жауапкершілігін қарастыру, мал қорымын салу және оны ұстап тұру бойынша қосымша шаралар қабылдау тапсырылды.

Премьер-министр Қарағанды облысының әкіміне аталған кеселдің алдын алу мақсатында өңірдегі профилактикалық шараларды қолға алуды, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Сонымен қатар, премьер-министр тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары сәйкесінше жүргізілмейтініне назар аударды. Ол жапа шеккен жанұяларға қолдау көрсетуді тапсырды.

Қазіргі таңда төтенше жағдайға байланысты медициналық қызмет көрсету сапасы бойынша дәрігерлерге қатысты Қылмыстық кодекстің 327 және 317 баптарына сәйкес екі қылмыстық іс қозғалды.

Қарағанды облысының әкімі Шет ауданы Еркіндік ауылындағы карантин сегізінші шілдеде алынуы мүмкін екенін хабарлады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз