Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
4
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Мәсімов павлодарлықтарға онкологиялық диспансерді жаңалау жұмысына көмектесетінін айтты

Кәрім Қажымқанұлының нағашы атасы Павлодар облысында жерленген. Анасы жағынан біздің жерлесіміз болып келеді. Сондықтан бұл ақсақалдар атынан аманат, барша облыс тұрғындары мен белсенділері атынан үлкен өтініш. Өз кезегінде премьер-министр сұрақты шешуге ықпал жасайтынын айтты. Менің ойымша құны 7,5 миллиард теңгені құраған жоба алдағы уақытта іске асады, – деді Тито Сыздықов.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні онкологиялық диспансер 1961 жылы салынған бұрынғы жатақхананың ғимаратында орналасқан. Ғимарат тым кішкентай, аурухананың барлық қажеттілігін өтей алмай тұр. Сондықтан диспансерге жаңа корпус салу керек.

Негізі, екінші Павлодар жақта №3 емхананың жанынан құрылысқа орын дайын тұр. Барлық құжаттар да реттеліп қойылған. Жаңа ғимараттың құрылысына 2015 жылдың бюджетінде 7,5 миллиард теңге қарастырылған. Өкінішке орай, бұл уақыт жаңа объектілердің құрылысына жарияланған мораториймен дәл келіп, осы бағыттағы жұмысты тоқтатылды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз