Қазақстанның Премьер-министрі Кәрім Мәсімов Францияның Астанадағы елшілігінде болып, Ниццада орын алған террорлық актіге байланысты Көңіл айту кітабына жазба қалдырды.
Бұл туралы Премьер-министрдің ресми сайты хабарлады.
Премьер-министр өзінің Twitter-дегі аккаунтында: «Франция елшілігіне бардым» – деп жазды.
«Өкінішке қарай қаза тапқандар арасында Қазақстанның төрт азаматы бар. Олардың туған-туыстарымен бірге біздің де қабырғамыз қайысады және қайғыра көңіл айтамыз», – деп жазады Кәрім Мәсімов.