Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Мәсімов кімді алдап жүр: Қазақ елін бе, әлде шетелдік инвесторларды ма?

Екіншіден, аталған жобаға үлкен қаржы салып отырған шетелдік инвесторлар. Ал шетелде кез-келген цифрлар ашық жүргізіледі. Міне, осындай ашық құжатты сараптаған Goldman Sachs инвестициялық банкі Қашағаннан пайда түсуі үшін мұнайдың бір баррелі 120-130 доллар көлемінде болуы керек деп болжам жариялаған.

Демек,

Қашағанды іске қосу үшін халықаралық нарықтағы «қара алтынның» бір баррелі 120-130 доллар болуы керек.

Ал қазір бағасы 50 долларға барып, қайтадан түскен мұнай нарығында әзірге тұрақтылық байқалмайды. Әлде жыл соңында қандай да бір ғажайып орын алып, ол екі-үш есеге өсіп кетуі мүмкін бе?

ваыпывпыввы

Алғатбек Қыдырбекұлы

Иә, отандық сарапшылар мұнай бағасының көтерілуін болжайды, бірақ оның құны 60-70 доллардан ары аспайды деп отыр.

Халықаралық экономика сарапшысы Алғатбек Қыдырбекұлының айтуынша, қазір халықаралық экономика дағдарыстық кезеңді басып өтіп, енді өсімге аяқ басуда.

– Бірақ күрт өсім болады деп болжау қиын. Геосаяси факторлар бұл ретте өзіндік рөл атқарады. Әлемнің тұрақтылық мәселесі әлі шешілмеген. Сондықтан мұнай бағасы әлі саяси тұрғыда реттеле бермек. Ендеше оның бағасы жыл соңына дейін 60 доллардан аспайды деп ойлаймын, – дейді ол.

Демек, жыл соңында Қашағанды іске қосамыз деп отырған Үкімет өзіне пайда әкелмейтін тауарды саудаламақшы ма? Мұндай шығынға сол жобаға ақша салған инвесторлар қалай қарап отырады дейсіз?

Жалпы, Қазақстан билігінің “Қашаған” кеніші қосылады деп мәлімдеп отырғаны бұл бір емес. Каспий теңізі қайраңында 2000 жылы ашылып, игеріле бастаған Қазақстанның ең ірі кенішінен мұнай өндіруді бастау осыған дейін бес мәрте кейінге қалдырылған.

2013 жылы қыркүйекте Қашағанда мұнай-газды өндіру жұмысы басталған. Алайда бір аптадан кейін ол жұмысын тоқтатты. Себебі газ құбырында ақау бары анықталған. Қазан айында ондағы жұмыс қайтадан жанданған. Бірақ екі апта өткен соң, тағы сол бір себепке байланысты барлық жұмыстар қайтадан тоқтатылды. Тіпті, инфрақұрылым жүргізген операторларды ауыстыруға байланысты да дау туған.

Осыдан-ақ бұл жобаға болжанған сомадан тыс қаражаттың салынғанын байқауға болады. Кейбір дерек бойынша, Қашаған кенішін іске қосуға 30 млрд доллар жұмсау жоспарланған, алайда бұл арадағы шығын 50 млрд доллардан асып кеткен көрінеді.

Қалай дегенмен де мамандар 10 жылға кешігіп жатқан жобаға салған ақшасын қайтарып алғанша шетелдік инвесторлардан маза болмайды, ол заңды да деп санайды. Сондықтан кеше ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың атын атамай, Ақтөбедегі оқиғаға байланысты осында салынған инвестициялары қауіпсіздігіне қобалжу білдірді деп жұмбақтап айтқан кейбір инвесторлар ішінде осы жобаға қатысушы операторлардың да болуы ықтимал.

Сондықтан бұл арада

шетелдік инвесторалардың қорқынышын уақытша баса тұру үшін ҚР Үкіметі ресми мәлімдеме жасауына тура келген секілді. Оның да уақыты келгенде алдыңғылары секілді кейінге шегеріле салуы әбден ықтимал.

df2a4f06105938b32cc571fedf9a38e3-small

Сергей Смирнов

Мұнай саласының тәуелсіз сарапшысы Сергей Смирнов та мұны растайды. Оның пікірінше, үкімет уәде еткендей, Қашағанды 2017 жылы сынақ режимінде іске қосады. Алайда бұл есеп беру, онда да инвесторлар алдында кеніштің жұмыс істейтінін дәлелдеу үшін ғана жасалады.

– Әйтпесе қазір бұл жобаны іске қосу ақылға қонымсыз әрі тиімсіз. Өйткені ол қымбатқа түскен жоба. Сондықтан халықаралық нарықтағы баға 3 есеге өскенше оны «мұздатып» қоя тұрған дұрыс, – дейді ол.

Қашаған кен орынның мұнай қоры 9–13 миллиард баррельді құрайтынын еске сала кетелік. Мұнай кен орны шетелдік компаниялардан құралған North Caspian Operating Company (NCOC) халықаралық консорциумы Өнімді бөлісу туралы келісім арқылы игерілмекші. Консорциумға «ҚазМұнайГаз» , Total , Royal Dutch Shell , ExxonMobil, ConocoPhilips , INPEX компаниялары кіреді.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз