Кәрім Мәсімов Инстаграмға айыппұл төлеуге тура келген велосипедтегі фотосын, сондай-ақ айыппұл төлегені туралы түбіртегін жариялады.
Бұл туралы baq.kz хабарлап отыр.
Сонымен қатар Премьер-Министр велосипедпен автомагистральдарда жүруге тыйым салынғандықтан, ҚР ЖКҚ-на сәйкес айыппұл төлегенін атап өтті.
«Заңдар мен ережелер баршаға ортақ. Велосипедтегі Премьер үшін де», – деп жазды Кәрім Мәсімов.
Жақсы, Мәсімовтың жайы белгілі. Ал шайтанарбамен алыс сапарға шығатындар қайтеді? Мұндайлар да бар ғой. Оларға осындай ұзын жолдың бойында қандай жағдай жасалған?