Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Мұрат Әбенов: Мораторийді 5 жылға ұзарту дұрыс шешім

«Атап айтқанда, Президенттің мораторийді 5 жылға ұзарту туралы шешімін қолдаймыз. Жерге қатысты қосымша заңнамаларды, ақпараттық базаларды ретке келтіріп, содан кейін бұл мәселеге қайта оралу шешімі өте дұрыс. Менің ойымша, бес жылда саладағы мәселелерді ретке келтіруге болады. Жалпы мораторийді ұзарту көпшіліктің пікіріне сүйеніп жасалған қадам»,-деді М. Әбенов.

Оның пайымынша, мораторийді 5 жылға ұзарту – ол енді жерге қатысты барлық мәселелерді орнына қоюға мүмкіндік береді. Жалпы, жер комиссиясының төңірегінде біраз жақсы шешімдер болды. Бірінші кезекте комиссияның ашық әрі жария түрде болғаны осы саладағы көп кемшіліктерді ашты.

«Оның ішінде кейбір адамдардың қолдарына ауқымды жер аумақтары қалай тигенін қазір анықтауымыз керек. Екіншіден, жерді пайдалануда, бөлуде бір жерде ашық ақпараттың болмауы және оған есеп жүргізудегі кемшіліктер белгілі болды. Сонымен қатар салада сыбайлас жемқорлықтың бар екендігі анықталды. Осы ретте алдағы уақытта бұл мәселелерді шешу қажеттігін баршамыз байқап отырмыз. Менің жеке ойым, осы мәселелердің барлығын шешпей тұрып, әрине күрделі өзгерістер жасауға болмайды. Сол себептен 5 жыл уақыт қазір керек. Бүгінде жер кімнің қолында, егістіктерді қалайша пайдаланылып жатқандығы тұрғысында тиісті шаралар атқару керек. Егер заңсыздықтар орын алған жағдайда, қажетті шаралар қабылдау қажет болады», – деп тоқталды М. Әбенов.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз