Мұрат Әбенов: Комиссия жұмысы нәтижесінде 10 сотық мәселесі оң шешімін тапты

113 просмотров

Жер реформасы жөніндегі комиссия өте өнімді жұмыс істеп, алдын ала бірқатар шешім қабылданды. 

Бұл туралы комиссия отырысы барысында Мұрат Әбенов айтты, деп хабарлайды Bnews.kz.

Комиссияның жеткен жетістігі мен қабылдаған шешімдері елдің саяси мәдениетінің өскенін көрсетеді деп есептейді М.Әбенов.

«Мемлекетiмiз жаңа саяси мәдениет деңгейiне жетті. Себебi, қоғамның өзгергені, саяси, ақпараттық, құқықтық, экономикалық сауаты өскенi байқалды. Қоғамның көтерген мәселесiн билiк қолдап, келiссөздерге барып, осындай комиссия құрғаны дұрыс шешiм деп ойлаймын. Бес жылға тоқтататын болсақ, бұл мәселе тоқтап қалды, шешiлмей қалды деген сөз емес. Өзгерiстердi қабылдамаймыз, халықтың айтқаны болды, әлi де бiз дайын емеспiз, сондықтан бұл мәселенi әзiрге тоқтатуымыз керек», — деді ол.

М.Әбеновтың айтуынша, Комиссия төңiрегiнде 10 сотық мәселесi көтерiлiп, жағымды шешім қабылданды. Бiраз шешiмiн тапты, Үкiмет қаржы бөлдi. Бұл — комиссияның жұмысының нәтижесі.

Естеріңізге сала кетейік, Жер реформасы жөніндегі комиссияның бүгінгі отырысында  ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ауыл шаруашылығы министрі, комиссия төрағасы Асқар Мырзахметов Жер кодексінің кейбір баптарына енгізілген мораторийді бес жылға – 2022 жылға дейін ұзартуды ұсынған болатын.

Загрузка...