Мұрат Қалматаев өмірден өтті

68 просмотров

Қазақстан ішкі істер қызметінің ардагері, отставкадағы полиция генерал-майоры Мұрат Қалматев 80 жасында қайтыс болды.

«Қалматаевтың туыстары марқұмның ұзаққа созылған сырқатпен көп уақытқа дейін күрескенін, алайда ақырында ажалдың алып тынғанын айтты «, – деп хабарлайды Азаттық радиосы.

1988-1989 жылдары Ауғанстандағы соғысқа қатысқан Қалматаев кейін Семей облыстық ішкі істер басқармасын басқарып, ішкі істер министрінің кеңесшісі болған. Мұрат Қалматаев Қазақстан Жоғарғы кеңесінің депутаты, құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі комитет төрағасы болған.

Марқұм мемлекеттік бірнеше медальмен марапатталған.

калматаев

Сурет azattyq.org сайтынан алынды.

Загрузка...