Мұхтар Жәкішевтің түрмедегі өмірі туралы баяндалды

350 просмотров

Түрмеде жазасын өтеп жатқан «ҚазАтомӨнеркәсіп» АҚ-тың бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев мекемеде 5 ынталандыру амалына ие болды және бір мәрте жазаға тартылды.

Бұл туралыАлматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті директорының орынбасары, әділет подполковнигі Қуат Қилыбаев мәлім еттідеп хабарлады ҚазАқпарат.

„Жазасын өтеу кезінде 5 ынталандыру амалын еншіледі және бір рет жазаға тартылды», — делінген ресми жауапта.

Дегенмен хатта бұл жаза не үшін болғаны, Мұхтар Жәкішев оны қалай өтегені айтылмады.

Хатта атап көрсетілгендей, Мұхтар Жәкішев, 1963 жылы туған, ҚР Қылмыстық кодексінің 176-бабының 3-тармағы, «а», «б», «г» тармақшасы, 193 бабының 3-тармағы, «а», «б» тармақшасы, 307-бабының 4-тармағы, 235-бабының 1-тармағы, 58-бабы 3, 6 тармағы бойынша 14 жылға бас бостандығынан айырылған.

Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА 155/8 мекемесіне 2015 жылдың 25 сәуірінде жеткізілді. Сонымен қатар 2013 жылдың 31 желтоқсанында ҚР Қылмыстық-атқару кодексінің 116-бабына сәйкес, мекеме комиссиясы оны жазаны өтеудің жеңілдетілген жағдайларына көшіруді шешкен.

«Мекемеге жеткізілгеннен кейін жұмысқа орналастырылды. Ерікті түрде талап-арызды өтеуде. Еңбекке деген қарым-қатынасы оң. Мекеме аумағын абаттандыруға, отрядтың мәдени-тұрмыстық жағдайын жақсарту ісіне тиянақты қарайды. Тәрбиелік, мәдени-бұқаралық және спорттық шараларға, сонымен қатар отрядтың қоғамдық өміріне белсенді түрде қатысады», — делінеді хатта.

Сондай-ақ „шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы қолдаухат мекеме әкімшілігіне түспегендіктен, аталмыш сұрақ сотта қаралған жоқ„ деп хабарлайды департамент өкілі.

Загрузка...