Мұхтар Тайжан: Латифундистердiң құқығын шектеу керек

47 просмотров

Бүгiн Жер реформасы жөнiндегi комиссияның алғашқы көшпелi отырысында комиссия мүшесi, белгiлi қоғам белсендiсi Мұхтар Тайжан латифундистердiң құқығын шектейтiн заңнамалық өзгерiстер әзiрленетiнiн айтты.

 

taijan-1«Бiз латифундистердiң құқығын шектейтiн заңнамлық өзгерiстер әзiрлейтiн боламыз. Қазiр мұндай бақылау аудандық деңгейде жүргiзiледi. Мысалы, менiң заңнаманы бұзбай, әр түрлi аудандарда жер алуға мүмкiндiгiм бар. Осылайша, өте көп жердi ала аламын», — дедi отырыста Мұхтар Тайжан.

Айта кетейiк, бүгiн Көкшетауда Үкiмет басшысының бiрiншi орынбасары Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Жер реформасы жөнiндегi комиссияның алғашқы көшпелi отырысы өтiп жатыр. Ақмола облысының халқын тыңдауға Жер реформасы жөнiндегi комиссияның 30-ға жуық мүшесi келдi.

Загрузка...