Нұр-Сұлтан
Қазір
20
Ертең
17
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Мұхтар Құл-Мұхаммед Елбасы атынан лаңкестер қолынан қаза тапқандардың туған-туыстарына көңіл айтты

Бүгін таңертең облыс әкімі Бердібек Сапарбаев және «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед лаңкестер қолынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына барып, көңіл айтты.

– Нұрсұлтан Әбішұлы сіздерге көңіл айту үшін арнайы мені жіберді. Мемлекет басшысы кінәлілерді заңнама аясында қатаң жазалауға тапсырма берді. Бұлар адам емес, оларды ешқандай да діни уәж ақтай алмайды. Біз қайғыларыңызға ортақпыз. Барша Ақтөбе, барша Қазақстан сіздермен бірге. Біз кінәлілерді ұстадық, қалғандарын табамыз, яғни олардың кімдер екенін білеміз, -деді Мұхтар Құл-Мұхаммед.

Облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ернұр Бураханның хабарлауынша, қаза болған ақтөбеліктердің денесі туыстарына ертең жеткізіледі. Қақтығыс кезінде көз жұмған әскери қызметшілердің мәйіттері ұшақпен туған елді-мекендеріне жіберілді.

Қазір Ақтөбеде жағдай тұрақты. Қалаға кіретін жолдарда күшейтілген тексеру бекеттері жұмыс істеп жатыр. Кеше түнгі уақытта сағат 21:00-ден кейін қаладан көліктер шығарылған жоқ.

Бүгін қалада Интернет іске қосылды. Кешеден бері қоғамдық көліктер жұмыс істеп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз