Жерлеу рәсімінде селфиге түскен Шварценегер мен Клинтон әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызған

50 просмотров

Даңқты боксшы Мұхаммед Әлимен қоштасу рәсімінде америкалық актер, Калифорния штатының бұрынғы губернаторы АҚШ-тың бұрынғы президенті Биллом Клинтонмен селфиге түскен. Бұл суретті кино актер өзінің Twitter-дегі парақшасына жариялапты.

«Мұхаммед Әлидің жерлеу рәсімінде әсерлі сөз айтқан президент досым Билл Клинтонмен кездесуге қатты қуаныштымын», — деп жазады Шварценегер өз жазбасында.

Алайда бұл сурет әлеуметтік желі қолданушыларының ашуын туғызып, олар мұны әдепсіздік деп бағалаған деп хабарлайды Lenta.ru.

«Сіздерге жерлеу рәсімі – көңіл көтеретін жер секілді ғой» деп жазады оның жеке парақшасына тіркелушінің бірі. Ал тағы бірі: «Қуаныштан жүздеріңіз бал-бұл жанып тұр, билемедіңіздер ме?» депті кекесінмен. Ал тағы бірі, тіпті әрі кетіпті: «Жігіттер, одан кейін қыздарға бардыңыздар ма?..»

Теңдессіз спортшы Мұхаммед Әлидің жерлеу рәсімі 10-маусымда мұсылмандық дәстүрмен өтті. Ол  74 жасына қараған шағында 3-маусымда дүниеден озды.

Загрузка...