Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Мәдениет министрін «төсекке сүйреді» деп айыптаған актриса адвокат жалдап сотқа дайындалып жатыр

Мәдениет министрінің маңайындағы дау күн санап өршіп барады. Арыстанбек Мұхамедиұлын қыздарға қырғидай тиеді деп айыптаған актриса енді оны тағынан тайдыруға білек сыбана кіріскен сыңайлы. Еңлік Сыдықованың қорғаушысы басы бәлеге қалған министрдің қызметінен кетуін талап етіп отыр. Себебі, соттың әділ өтуіне шенеуніктің шен-шекпені әсер етуі мүмкін дейді Гүлнар Жуасбаева.

Гүлнар Жуасбаева, Еңлік Сыдықованың адвокаты:

-Әділ сот болуы үшін министр отставкаға кетуі керек. Сосын қарапайым азамат ретінде сотқа берсін. Сонда әділ сот болады. Ал енді өзі министр болып креслода отырып, сотқа берсе сот шешімі әділ болмайды.

Сотта Еңлік Сыдықованың сөзін сөйлейтін адвокат бастысы сең қозғалды деп отыр. Өйткені Арыстанбек Мұхамедиұлынан жәбір көрген тағы 3 қыз бар екен. Олар да Мәдениет министрінің мәдениетсіздігін айтып, шенеуніктің қызқұмарлық қылығын жалпақ жұртқа жайып салмақшы.

 

Мұхамедиұлының өзі мұның бәрін жоққа шығарды. Айтуынша, бұл әлдекімдердің қасақана ұйымдастырған әрекеті. Министрдің осындай күдігіне ілінгендердің бірі режиссер Талғат Жәнібеков. Мұхамедиұлын ақша сұрады деп айыптаған режиссердің өзі қыздарға еш қатысым жоқ дегенімен, оларды қолдап отыр.

Талғат Жәнібеков, режиссер:

-Мен Еңлікті танымаймын. Яғни бұрын-соңды араласқан емеспіз. Соған қарамастан оның ашық мәлімдеме жасауын батылдыққа балаймын. Себебі Мәдениет министрінің қызқұмар екенін бұған дейін де мың мәрте естігем. Демек, жел соқпаса шөптің басы қимылдамайды.

Бұл талас-тартыстар Мәдениет министрінің беделіне нұқсан келтіргені рас. Алайда Арыстанбек Мұхамедиұлының адвокат айтты екен деп қызметінен кете қоймасы белгілі. Сондықтан ол өзіне тағылған айыптардың бәрін енді тек сот арқылы жуып-шаюға тырыспақшы.

57fb2a3cace17000_33

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз