Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұлыбританиядағы референдумнан шығаратын бес қорытынды – шетелдік басылымға шолу

Біріншіден, өтірік көп айтылды. Екі тарап та халықтың бойында үрей туғызуға тырысты. Мысалы, Еуро одақтан шығуды уағыздаушылар айтқандай, Ұлыбритания үкіметі апта сайын Брюссельге 350 миллион фунт ақша аудармайды, сол секілді Түркияның Еуро одаққа енгелі жатыр дегендері де судай өтірік. Әрине, бұдан кейін ағылшындар қорғану керек деп есептеді.

Екіншіден, Хенкельдің пікірінше, референдумді өткізуге Еуро одақ та, ағылшын халқының жайы да түрткі болған жоқ. Бұл арада Консервативтік партияның іштей іруі және оның көшбасшысының шиеленісті реттей алмауы – басты себеп. Дэвид Кэмерон осы бүлінушілікті жасырып-жабу үшін оны елдік бөлінуге аударып жіберді.

Әйтпесе көптеген жылдар бойына ол Ұлыбритания Еуро одақсыз да өмір сүре алады деп келген. Алайда соңғы сәтте Кэмерон қарсы көзқарасқа ауытқып шыға келді.

Үшіншіден, жалпы, Ұлыбритания референдумға дейін екіге жарылған. Лондон мен басқа өңірлер немесе ағылшын астанасындағы ең бай мен ең кедейлері. Демек, мемлекет бір-бірін түсіне алмайтын екі тапқа бөлінген.

Ал одақтан шығу тақырыбы солтүстік пен оңтүстік, бай мен кедей, айырықша мәртбеге иелер мен құқығы тапталушылар арасында пайда болған шыңырауды көрсете салды.

Төртіншіден, Ұлыбритания Еуропадағы ең ашық мемлекет. Еуропа елдерінде мұндағыдай қаптап жүрген шетелдіктерді көре алмайсыз. Есесіне, осы ашықтығына байланысты ағылшын экономикасы үлкен жетістікке жетті. Алайда қаржы дағдарысы басталғалы бері Ұлыбритания қорқақтық таныта бастады. Сондықтан босқындарға қарсы үгті-насихатты қарт ағылшындар қолдай кетті.

Бесіншіден, еуропалықтар британдықтарға Еуропаның аутсайдері секілді қарайтын. Өйткені олар Еуро одақтың не екенін түсіне алмайды деп санады. Бірақ, тәжірибе көрсеткендей, мұндай позция өте қауіпті екен. Міне, осы ұстанған дистанция ағылшындардың кері кетуіне әсер етті. Еуропа қоғамын реформалауға қатысты британдықтардың да ұсынысына құлақ түру керек еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз