Ұлыбританияда Еуропалық одақтан шығу бойынша дауыс беру аяқталды

20 просмотров

Ұлыбританияда Еуропалық одақтан шығу жөніндегі референдум аяқталды. Алайда оның ресми нәтижесі әлі жарияланбай жатыр.Би-би-Си-дің хабарлауынша, референдумға қатысушылардың көрсеткіші рекордтық деңгейді қамтыған. Дауыс беруге Ұлябританияның 46,5 миллион адамы келген. Бұл цифр әлі алда нақтыланатын болады. Қай тараптың дауысы 50 пайыздан асады, соған қарай шешім шығарылмақ.

Бұл — Британ корольдігі тарихындағы үшінші жалпыхалықтық референдум. Оны өткізу үшін төрт ай бойына үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде халық екі таңдауға бөлінді.

Бейресми деректер бойынша, Ұлыбританияның Еуропалық одақтан шығуды жақтаушылар қатары көп көрінеді.

Би-би-Си-дің саяси шолушысы Лора Кунсберг„рефрендумның нәтижесі қандай болмасын, бұл ағылшындардың саяси көзқарасының өзгергенін танытады„ деп қадап айтқан.

Загрузка...