Ұлыбританияда ақша айырбастаумен айналысатын банктер мен компаниялар жұмысын уақытша тоқтатты

36 просмотров

Ұлыбританияда валюта айырбастаумен айналысатын бірқатар банктер мен компаниялар жұма күні өз жұмыстарын кілт тоқтатты. Оған — қолма-қол евроға сұраныстың күрт артуы, елдің Еуроодақтан шығу шешімінен кейін шарықтаған бағам басты себеп.

Бұл туралы Financial Times-қа сілтеме жасап, «Ведомости» ресейлік басылымы жазады.

Royal Bank of Scotland және оның Natwest бөлімшесі жеке тұлғалар үшін бөлімшеде және сайттарда валюталық операция жүргізуді тоқтатты.

Банк клиенттерін Travelex компаниясына жіберіп жатыр. Ал тоқтатқан қызмет сервисінің жұмысын дүйсенбіде жаңартуға ниетті.

Загрузка...