Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ұлыбритания Еуро одақтан шығатын, ал премьер-министрі отставкаға кететін болды

ВВС орыс қызметінің хабарлауынша, Кэмерон қараша айында өтетін Консервативті партияның съезіне дейін елдің жаңа министрі болуы керек деп мәлімдеген.

„Біздің елді келесі белгіленген пункте жеткізуде менің капитан болып қала беруім орынсыз деп санаймын„ – деді Кэмерон.

Оның айтуынша, Ұлыбританияның жаңа премьер-министріне мемлекетті Еуро одақтан шығару процесін іске қосу міндеті жүктеледі.

Сондай-ақ Кэмерон бүгін басым дауыс жинаушылардың таңдауына құрметпен қарайтынын, алайда оның ағылшындар өміріне күрт өзгеріс әкеле қоятындығына күмәні барын жеткізді.

Ұлыбританияның Еуро одақтан шығуын жақтап халықтың 52 пайызы дауыс берген. Бұл – ресми мәлімет.

Негізінен, Ұлыбритания премьер-министрі одақта қалуды жақтап, үгіт-насихат жүргізген.

Жергілікті газеттегі сұхбатында ол „Еуро одақтан Ұлыбританияның шығуы ағылшындардың жалақысына да сол секілді тауарлардың бағасына кері әсер етеді„ деп атап өткен.

Сарапшылардың пікірінше, енді референдум нәтижесіне сәйкес, Ұлыбританияның Еуро одақтан шығу процесіне кемінде бір жыл уақыт кетеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз