“Кәсіпкерлік саласындағы прокуратура қадағалауы” атты форумда Қазақстанның “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының Президиум төрағасы Тимур Құлыбаев мәлім етті.
Құлыбаевтың сөзіне қарағанда, ҰКП-на 12 мың кәсіпкер xабарласқан, олардың 4800 арызы оң шешімін тапқан. Соның арқасында 33 млрд. теңге кәсіпкерлердің пайдасына шешілген.
“Біз санадық, елімізде кәсіпкерлерді қадағалайтын 61 мемлекеттік орган бар. Қадағалау және бақылау функцияларына ие 45 министрлік пен орталық деңгейдегі органдар мен 16 облыстық ведомство бар екен.