Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр

27 просмотров

Үкіметте Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленіп жатыр. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында 2015 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебі бойынша баяндама жасаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлімдеді, — деп хабарлайды ҚазАқпарат.

— Былтырғы бюджетте Ұлттық қордан берілетін трансферттердің үлесі 40 пайызға дейін өсті. Бұл экономикаға бюджеттің контрциклдық ықпалын қамтамасыз етті. Қазіргі уақытта Ұлттық қордың жаңа тұжырымдамасы әзірленуде, — деп атап өтті министр.

Оның сөзіне қарағанда, есепті кезеңде бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімнің 2,2 пайызын, ал мемлекеттік борыш — 21,6 пайызын құраған.

— 241 нысаналы индикаторларға қол жеткізу қамтамасыз етілді. 39 индикаторларға қол жеткізілген жоқ, ал 28 индикаторлар бойынша есептің деректері кейінірек жарияланатын болады. Біз есептің талдамалы бөлігін тиімді көрсеткіштермен кеңейтеміз. Сонымен қатар, бюджеттің ашықтық индексі бойынша бізде оң серпін бар. Мәселен, 2008 жылы Халықаралық бюджеттік әріптестік ұйымы бізге 35 балл берсе, былтырғы — 2015 жылы бұл көрсеткіш 51 балды құрады, — деді Б. Сұлтанов.

Загрузка...