Ұлттық қордың түбі көрінуге тақау ма?

41 просмотров

Ұлттық қордың шығыны өсіп, кірісі кеміп, таза активтері төмендеп жатыр. Қорға тұрақты түсіп отырған қаражат көлемі 6 жылдың ішінде рекордтық төмен көрсеткішке жетіп, 1 триллион 630 миллиард теңгеге кемісе, керісінше қордан алынған ақша 2 жарым триллион теңгеге артқан.

Экономистер қорда жатқан санаулы қаражатты ақылға салып, үнемдемесек 1-2 жылда Ұлттық қордың түбі көрінеді деп қауіптенеді, – деп хабарлайды бұл ретте 31 арна. 

Бұрынғы инвистициялар және даму вице-министрі Рахым Ошақбаев:

Мемлекетіміз 2007 жылдан бері Ұлттық қор мен бюджет қаражатынан квазимемлекеттік секторға жарғылық капитал салымы немесе ұзақ мерзімді қарыз түрінде 33,2 миллиард доллар қаражат жұмсады», – деп отыр. Алайда оның қайтарымы ретінде мемлекет 1,6 миллиард доллар ғана дивиденд көрген

-дейді.

РАХЫМ ОШАҚБАЕВ, экономист:

— Бюджет шығындары артып келеді. 2016 жылы олар 16 пайызға өсті, кеше қаржы министрі Сұлтанов мырза шығындардың әрі де өсетінін хабарлады. Біз сияқты тығырықта отырған Ресей федерациясының қаржы министрі бюджет шығындарын 3 жылға тоқтатайық деген ұсыныс тастады.

Менің ойымша бұл сыртқы қарыздарды өсіргеннен көрі, жауаптырақ, дұрысырақ шешім. Себебі сырттан қарыз алу дағдарысқа қарсы шара болып есептелгенмен, оның тиімділігі төмен. 

Ал экономист Мақсат Халық: «Ұлттық қор қаражатының ағымы жабық. Сондықтан жинаққа қырғидай тиіп отырған ұлттық компаниялар оны нендей мақсатқа пайдаланып отырғандығын ешкім білмейді» -дейді.

Қор қаражатын ысырап етпейміз десек, сол ақшаның арқасында дағдарыс кезеңінде тынысы тарылмай отырған квазимемлекеттік сектор жария есеп берсін -деп отыр. Еліміздегі ірі компанияның бірінің ғана қарызын экономист мысал етті.

МАҚСАТ ХАЛЫҚ, экономист:

— Өткен жылғы қарызы жылдың басында 18 миллиард доллар болатын. Бір ғана компания. Ал осы жылдың басында, ресми ақпараттарға сүйенсек, 11 миллиард доллар қаражатқа дейін түсірген екен. Мұнай бағасының төмен болып тұрған жағдайында компания бұл қарызын қалай өтейді деген сұрақ туады.    

Айта кету керек, қордағы 80 миллиард доллар жыл сайын 2,5-3,5 миллиард доллар табыс әкеліп тұрған. Алайда дағдарыс бұл жоспарды бұзып, ал экономиканы осы ақшамен әртараптандыру сол күйі жүзеге аспай қалды.

 

Загрузка...