Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Ұлттық ұланның сарбаздары ата-аналарымен видео-байланысқа шықты

Алматы қаласындағы №5571 әскери бөлімінде осы сәтті тағатсыздана күтіп Ақмола өңірінің 50-ге жуық сарбазы отырды. Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Мұхаметқали Сатовтың ата-аналармен құрған әңгімесін ұйып тыңдаған жас сарбаздар, тікелей байланыстан бірі анасын, бірі аға-әпкелерін көріп көзайым боп жатты. Әсіресе, бұл күні Мұхаметқали Құсайынұлы қызмет барысында көзге түсіп ерекшеленген сарбаздардың ата-аналарын арнайы грамоталармен марапаттады.

Осылайша жалғасқан іс-шара барысы келесі әскери бөлімдерге ауысты.

Айта кетейік, аталған іс-шара Қазақстан Қарулы Күштері бойынша Ұлттық ұлан әскерінде тұңғыш рет қолға алынып, 29 шілде күні Қостанай өңірінен шақырылған жас сарбаздар ата-аналары, туған-туыстарымен байланысқа шыққан болатын. Тәжірибеден сәтті өткен іс-шара бүгінде жалғасын тауып, алдағы уақытта да Қазақстан аумағының барлық өңірлерімен осындай байланыс орнату көзделуде.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз