Нұр-Сұлтан
Қазір
17
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Зейнетақы жасына жетпей зейнетақы ақшасын тұтынуға мүмкіндік тумақ

Бұл туралы бүгін арнайы баспасөз мәслихатында осы негізде қойылған сұраққа берген жауабында ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті деп хабарлайды Kapital.kz.

– Мысалы, әлемде азаматтың баспанасы жоқ болса, онда оған тұрғын үй сатып алуға зейнетақы қорындағы ақшасын  пайдалануға рұқсат беретін  елдер бар. Біз бұл тәжірибені зерттеп жатырмыз. Әрине, ондай мүмкіндікті қазақстандықтарға ұсынған тиімді болар еді деп ойлаймын. Зейнетақы жасынан кейін де өз өмірін қамсыздандыра алатын қазақстандықтар бізде баршылық. Яғни, бұл арада шамадан тыс жинақ деген мәселе бар, – дейді Данияр Ақышев.

Дегенмен ол бұл арада асығыс пайым жасамауға кеңес береді.

– Жалпы, бұл өте үлкен мәселе. Біріншіден, ол жинақтаушы зенетақы жүйесінің тұрақтылығымен тығыз байланысты. Бұл жүйе  қазақстандықтарды зейнетақымен қаншалықты қамтамасыз ете алады?

Сондықтан бұл мәселені біз үкіметте талқылап жатырмыз. Мен мұндай мүмкіндікті қарастыруға қатысты пікір білдіруге асықпас едім, – деді ол.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз