Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Ұлттық банк базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармайды

Бұл туралы ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.

– 2016 жылы 6-маусымда ҚР Ұлттық Банкі базалық мөлшерлеме деңгейін және пайыздық мөлшерлемелер дәлізін өзгеріссіз қалдырды, яғни 15 пайыздық деңгей сақталып қалды. Бұл теңгенің тартымдылығын одан әрі күшейте түседі. Ұлттық валютаға түсетін қысым да азаяды. Осындай оң үрдістердің орын алуына байланысты біз базалық мөлшерлеменің төмендеуін жоққа шығармаймыз, – деді арнайы баспасөз конференциясы кезінде ҚР Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев.

Сондай-ақ Данияр Ақышевтің айтуынша, базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешім 2016 жылдың 11 шілдесінде жарияланады.

Қаржыгер-маман Ілияс Исаев базалық мөлшерлеменің төмендеуі Қазақстан экономикасы үшін жағымды құбылыс деп санайды. Маманның пікірінше, базалық мөлшерлеменің төмендеуі Ұлттық банктің арзан ақша саясатына көшкенін, теңге девальвациясы қаупінің сейілгенін танытады.

– Үкімет шағын және орта кәсіпкерлікті, соның ішінде, өнеркәсіп саласын ынталандыруға мүдделі. Сондықтан Ұлттық банк арзан ақша саясатын жүргізуге көшті, – дейді маман бұл ретте.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз